25 қараша 2021 | 13:11

Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның 13 өңірінде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның 13 өңірінде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, еліміздің 13 өңірінде ауа райы қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

25 қарашада Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жел екпіні секундына 15-20, 23 метр болады деп болжанған.

Реклама
Реклама

25 қарашада Ақмола облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 қарашада Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.

25 қарашада Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын жүреді. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с.

25-26 қарашада Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. 26-27 қарашада облыстың солтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 25 қарашада, тәулік бойы 26-27 қарашада екпіні 23-28 м/с жел соғады деген болжам бар. 

25 қарашада Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

25 қарашада Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, облыстың шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

25 қарашада Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

25 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші облыстың солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с күтіледі.

25 қарашада Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

25 қарашада Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

25 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл болады. Түнде таулы аудандарда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, таулы аудандарда желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

"Жауын-шашынның түсуіне және қатқақ болуына байланысты көктайғақ болады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқкиім кию ұсынылады. Абай болыңыздар!", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная