11 маусым 2022 | 14:13

Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының орталығы Семей қаласында күндіз найзағай ойнайды, 36 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Реклама
Реклама

Көкшетау қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде күн күркірейді.

Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 18 м /с.

Ақтөбе қаласында күндіз найзағай ойнайды.

Kүндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, батысында желдің екпіні – 15-20 м/с. Kүндіз солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде 36 градус аптап ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Өскемен қаласында күндіз найзағай ойнап, 36 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Орал қаласында күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні - 18 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының шығысында күн күркірейді. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, батысында желдің екпіні - 15-20 м/с. Қостанай қаласында күндіз найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні -15-20 м/с. Түнде

Қызылорда облысының солтүстік-шығысында күн күркірейді. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар қаласында күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз басым бөлігінде желдің күші - 15-20 м/с.

Петропавл қаласында найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз күші -15-20 м/с.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда желдің екпіні - 15-20 м/с.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с.

Түркістан қаласында таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз күн күркірейді, дауыл соғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная