ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қыркүйек 2020 | 17:59
Қазақстанның 14 өңірінде ауа райы бұзылады
Қазақстанның 14 өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның 14 өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні секундына 15-20 метр. Дабылды ықтималдығы 85-90%.
Шымкентте желдің екпіні секундына 15-20 метр.
Ақмола облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 28 метр.
Ақтөбе облысында найзағай, желдің екпіні секундына 18 метр күтілуде.
Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 25 метр күтілуде.
Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр.
Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 23 метр күтілуде.
Қостанай облысында кей жерлерде бұршақ, тұман, дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр. Таңертең және күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр.
Қызылорда облысында күндіз найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз өрт қаупі өте жоғары.
Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде.
Павлодар облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ. 17 қыркүйекте кей жерлерде қатты жаңбыр, желдің екпіні секундына 15-20 метр.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 28 метр.
Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метр күтіледі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также