Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото:depositphotos.com

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, қар, жаңбыр жауып, боран соғады. Солтүстікте боран соқса, Алматы, Жетісу, Түркістан облыстарында жаңбыр жаууы ықтимал.

Кейбір аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді.

Реклама
Реклама

"Сондай-ақ, түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жетісу облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдардың біраз бөлігі жабылған. Мамандар жолға шықпас бұрын 1403 нөміріне хабарласып, абай болуды ескертеді", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 22, 23, 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Батыста, солтүстік-батыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын жауатыны, жауын-шашынмен бірге ауа температурасы көтерілетіні, тіпті солтүстік аймақтарда күндіз төмен температура болатыны болжанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама