05 ақпан 2021 | 09:53

Қазақстанның 2 облысында коронавирус өршуіне байланысты мектептер жабылады

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында балалар арасында коронавирус жұқтыру дерегі өскен. Мектептер жаппай карантинге жабылды. Оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында балалар арасында коронавирус жұқтыру дерегі өскен. Мектептер жаппай карантинге жабылды. Оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ақмола облысындағы жағдайды өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина айтып берді.

Реклама
Реклама

"Білім беру мекемелеріннен коронавирус жұқтыру дерегі тіркеліп жатыр. Сондықтан біз мектеп оқушылары, мұғалімдер, жалпы білім беретін мектептің техникалық қызметкерлері арасында ауыру жағдайы тіркелсе, екі аптаға қашықтан білім беруге ауыстырамыз деп шешім қабылдадық. Бұл оқушылар арасында жаппай коронавирус жұқтырудың алдын алуға көмектеседі", - деді Айнагүл Мусина.

Ақмола облысында 49 мектеп карантинге жабылды, оның 12-сі Көкшетауда. Үшінші тоқсан басынан диагноз 300 оқушыда байқалған.

СҚО-да мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтыру дерегі өскен. Оқу жылының басынан бері 500 науқас оқушы анықталды. Үшінші тоқсанда 40 пайыз оқушы оқшауланған. Онда тағы бес мектеп қашықтан оқытуға көшті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная