16 қараша 2023 | 14:26

Қазақстанның 20 миллионыншы бес тұрғынына не беріледі?

Фото: depositphotos.com

20 миллионыншы тұрғын атанған 5 балаға 2 миллион теңгенің сертификаты беріледі. Бұл туралы "Отбасы банк" баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

20 миллионыншы тұрғын атанған 5 балаға 2 миллион теңгенің сертификаты беріледі. Бұл туралы "Отбасы банк" баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздерді осы айтулы күнмен құттықтаймыз! Бүгінгі күн жай ғана күн емес, тарихи оқиға, өйткені Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны бар. Бұл оқиға әрқайсымыз үлкен мақтаныш сезімін ұялатады!

Реклама
Реклама

"Отбасы Банкі" АҚ 2 миллион теңгенің тұрғын үй сертификатын сый ретінде табыстап жатқанын қуанышпен хабарлаймыз. Бұл сертификат болашақта сіздің жеке баспанаңызды алуға маңызды үлес қосады деп сенеміз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 14 қарашада Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллион адамға жетті. Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар. Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 млн адамды құрады. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3 пайыз өсті. Мәселен, 2022 жылы 1991 жылмен салыстырғанда туу саны 353,2 мыңнан 403,9 мың адамға дейін немесе 14,7 пайыз өсті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная