Қазақстанның 3 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанның 3 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның үш қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтыны болжанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер болжауынша, сәрсенбі, 1 қарашада Атырау, Шымкент және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама