ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 желтоқсан 2023 09:52
Қазақстанның 4 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады
Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжауынша, 8 желтоқсан, жұмада Алматы, Астана, Ақтөбе және Петропавлда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу