13 қараша 2021 | 19:52

Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Tengrinews.kz

Синоптиктер 14 қарашада елдің алты аймағында ауа райы нашарлайтынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 14 қарашада елдің алты аймағында ауа райы нашарлайтынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 15-18 метр жел соғады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Көкшетауда жолдарда көктайғақ болады.

Реклама
Реклама

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, орталығында көктайғақ, төмен бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні солтүстікте, батыста, облыс орталығында секундына 15-20 метр болады. Қарағандыда көктайғақ, боран болады. Жезқазғанда көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде секундына 15-20 метр, таулы аудандарда екпіні секундына 23 метр жел соғады. Шымкентте 14 қарашада күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Түркістан облысында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын - шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан, түнде облыстың оңтүстік-батысында секундына 15-20 метр жел соғады. Петропавлда көктайғақ болады.

Қостанай облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында боран соғады. Облыстың шығысы мен оңтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге барады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная