23 қаңтар 2022 18:16

Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

24 қаңтарда Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" ұлттық гидрометеорологиялық қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

24 қаңтарда Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" ұлттық гидрометеорологиялық қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда 24 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысының батыс мен орталығында секундына 15-20 метр оңтүстік-шығыстан жел соғады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Реклама
Реклама

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Түнде Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда тұман түседі.

24-26 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. 25-26 қаңтарда облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарда секундына 15-20 метр солтүстік-шығыстан жел соғады. 24 қаңтарда облыстың оңтүстік-шығысында және таулы аудандарда көктайғақ болады. Таразда 24-26 қаңтарда тұман түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram