ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қараша 2023 | 10:30
Қазақстанның 7 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді
Қазгидромет мәліметінше, 29 қарашада Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз ауа райы және ауаның ластануы күшейеді. Астанада ауада азот диоксиді мен күкіртті сутегінің мөлшері артады деп болжанған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет мәліметінше, 29 қарашада Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз ауа райы және ауаның ластануы күшейеді. Астанада ауада азот диоксиді мен күкіртті сутегінің мөлшері артады деп болжанған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана
Метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада атмосфералық ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы және азот диоксидінің 3,6 есеге, азот оксидінің 1,8 есеге, күкіртті сутегінің 1,6 есеге шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі күтіледі.
Алматы
29 қарашада, 30 қарашаға қараған түні метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы және шекті рұқсат етілген концентрациядан асуы күтіледі: қалқымалы бөлшектер РМ-2,5 (Particulate Matter – қатты бөлшектер – еск.) – 2,5 есе, азот оксиді – 2,5 есе.
Өскемен
Метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада атмосфералық ауаның жоғары ластануы және көмірқышқыл газының шекті рұқсат етілген концентрациясынан 1,5 есе асып кетуі күтіледі.
Риддер
Метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қалада ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтіледі.
Атырау
Метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Бірақ жалпы алғанда, қалада ауаның ластану деңгейі төмендейді деп күтіледі.
Қарағанды
Метеорологиялық жағдайлар күндізгі уақытта жиналуына және түнде қала атмосферасында ластаушы заттардың таралуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейі төмендейді деп күтіледі. РМ-2,5 шекті рұқсат етілген концентрациясы 1,6 еседен асады.
Теміртау
Метеорологиялық жағдайлар күндізгі уақытта жиналуына және түнде қала атмосферасында ластаушы заттардың таралуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі.
PM-2,5 - ауаны ластаушы болып табылады, оның құрамында бөлшектер мен ұсақ сұйық тамшылар бар. Үлкен бөлшектерден айырмашылығы, олар биологиялық кедергілерді жеңіп, денеге енеді, сондықтан адам денсаулығына қауіп төндіреді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также