ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 қаңтар 2022 12:13
Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның 7 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Солтүстік және Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарында тұман түседі. Сондай-ақ, Жамбыл облысында көктайғақ болады. Синоптиктердің болжауынша, Маңғыстау және Атырау облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал елордада 22-24 градус аязды көрсетіп тұр. Телеарна мәліметінше, ауа температурасы түстен кейін 16 градусқа дейін төмендейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу