27 қараша 2022 | 12:50

Қазақстанның 8 қаласында қолайсыз ауа райы болады

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның 8 қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 8 қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, Астана, Алматы, Көкшетау, Риддер (2-деңгейлі), Семей (2-деңгейлі), Өскемен (2-деңгейлі), Теміртау, Қарағанды қалаларында қолайсыз ауа райы болуы мүмкін.

"27 қарашада ауа райы қала атмосферасына ластайтын заттардың жиналуына ықпал етеді. 27 қарашада жалпы қала бойынша ауа ластануының жоғарғы деңгейі күтіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Риддер, Семей және Өскемен қалаларында ауа ластануының жоғарғы деңгейі күтіледі. Бұл үш қала тұрғындарына таза ауада, әсіресе, автомобиль жолы немесе ластанудың басқа да көздерінде уақыт өткізуді азайту ұсынылады. Балалар мен жүкті әйелдер далада ұзақ серуендеуден бас тартқаны жөн.

Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлы, аллергиялық аурулары бар адамдар далаға шыққанда өздерімен бірге барлық қажетті дәрілік құралын алып жүргені жөн. Сондай-ақ таза ауада физикалық жүктемені азайтқан дұрыс. Дене шынықтыруды және спортпен айналысуды жабық спорттық кешендерде өткізіңіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram