18 мамыр 2020 11:18

Қазақстанның 9 өңірінде ауа райы бұзылады

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның тоғыз өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның тоғыз өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жауын-шашын болжамына байланысты Түркістан, Алматы облыстарының таулы аудандарында және Алматы қаласына іргелес аумақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендердегі судың деңгейі көтеріледі деп болжанады.

Реклама
Реклама

18 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр.

18 мамырда Шымкент қаласында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ, найзағай кезіндегі желдің екпіні секундына 15-20 метр.

18 мамырда Қостанай облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман, желдің екпіні секундына 15-20 метр. Қызылорда облысында жаңбыр, кей жерлерде найзағай, желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метр. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, найзағай, желдің екпіні секундына 15-20 метр. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, тұман, желдің екпіні секундына 15-20 метр.

18 мамырда Түркістан облысында тауда кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метр.

Төтенше жағдайлар комитеті қазақстандықтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар дейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram