15 қаңтар 2021 | 17:50

Қазақстанның алты облысында ауа райы бұзылады

Қазақстанның алты облысында ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның алты облысында ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады. Көкшетауда оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең екпіні секундына 15 метр болады.

Реклама
Реклама

Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 18 метр, Мұғалжар ауданында түнде екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел 15-20 м/с, күндіз екпіні секундына 25 м / с жетеді. Оралда тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

16 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда түнде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная