23 тамыз 2020 | 16:02

Қазақстанның алты өңірінде ауа райы бұзылады

Қазақстанның алты өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның алты өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады.

Реклама
Реклама

Жезқазғанда 24 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Петропавлда күн күркірейді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, шаңды дауыл тұрады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі деп болжанады.

Ақмола облысында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Көкшетауда күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

25, 26 тамызда Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, 24-26 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан 16-21 м/с жылдамдықпен жел соғады. 25, 26 тамыз күндері Таразда күн күркірейді, күндіз 24-26 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 16-21 м / с жетеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram