10 қыркүйек 2021 | 16:27

Қазақстанның бас санитария дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент
© Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулы карантин шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы.

Елдің бас дәрігері мыналарды қаулы етті:

Реклама
Реклама

1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы: жұмыс поездарын қоспағанда, жолаушылар поездарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмасын.

2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:

  • жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау мақсатында "қарбалас сағаттарда" қоғамдық көлік санын ұлғайтуды;
  • ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беруді (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);
  • қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді;
  • өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" және "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы" РМҚК қызметіне рұқсат беруді;
  • спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;
  • осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз етсін.

Бұл ретте шектеу шараларын қатаңдату 5 күн бойы эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда ("жасыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа көшу), карантин шараларды жеңілдету "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа немесе "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен кейін жүргізіледі.

3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері:

  • қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдансын;
  • осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастауды қамтамасыз етсін.

4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері "жасыл" және "сары" аймақтарда орналасқан өңірлерде карантин шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алады.

Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізілген.

Қаулы 2021 жылғы 13 қыркүйекте түнгі сағат он екіден бастап күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная