27 қаңтар 2022 | 20:34

Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

27 қаңтарда бас мемлекеттік санитария дәрігерінің міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

27 қаңтарда бас мемлекеттік санитария дәрігерінің міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа қаулыға сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандардың жұмыс және демалыс күндері жұмыс режиміне шектеу алып тасталды.

"Эпидемиологиялық тәуекел аймағына ("жасыл", "сары", "қызыл") қарамастан, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз "жасыл" мәртебесі бойынша жұмыс істейтін нысандарға шектеу алып тасталды. Бұл - салтанатты, еске алу, ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар өткізу, спорт кешендерінің, сауықтыру және діни, ойын-сауық нысандарының (ойын клубтары, казино, түнгі клубтар және караоке), СОО, сауда желілерінің (сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес және сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын азық-түлік) қызметі, бассейндер", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қонақтарда бейтарап ("көк") немесе қауіпсіз ("жасыл") мәртебе болса, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "жасыл" аймақтағы (эпидемиологиялық тәуекелі төмен) өңірлерде Ashyq қатысушыларының қызметі шектеусіз жүзеге асырылатыны айтылды.

"Эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан, облысаралық, облысішілік, қалалық (тұрақты және тұрақты емес) тасымалдарды жүзеге асыратын нысандар үшін, отельдер, қонақүйлер, әуежайлар, теміржол, су және автовокзалдар, өзен және теңіз порттары, автобекеттер мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері; ХҚКО, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері, банктер; сұлулық салондары, СПА-орталықтар, жабық базарлар, асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары үшін бейтарап "көк" мәртебе болған жағдайда шектеусіз кіру тәртібі сақталады", - делінген хабарламада.

Сауналардың, моншалардың, сауда алаңы 1000 шаршы метрге дейінгі сауда желілерінің (азық-түлік емес) қызметіне шектеулер алып тасталды. Оларға эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан, бейтарап "көк" мәртебесі бойынша кіруге болады.

"Жасыл" аймақта мейрамханалар мен дәмханалар типіндегі қоғамдық тамақтану нысандары, ересектер мен балаларға арналған ойын және ойын-сауық орындары (бильярд, боулинг, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, цирктер, океанариум, компьютерлік және лотерея клубтары, букмекерлік конторалар) үшін келушілерде бейтарап "көк" мәртебе болған жағдайда шектеу алып тасталды. Бұдан басқа "сары" аймақта олардың көлемі 50 пайыздан 70 пайызға дейін және "қызыл" аймақта 30 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайтылды. Нысанның толуы оның жобалық қуатына байланысты анықталады", - делінген хабарламада.

Қабылданған карантин шаралары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру бағытында қабылданғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная