15 шілде 2020 19:45

Қазақстанның бас травматологы Нұрлан Бәтпенов қайтыс болды

Фото:facebook.com/ResearchInstitutOfTraumatologyAndOrthopedicsAstana/

Қазақстанның бас травматологы Нұрлан Бәтпенов қайтыс болды. Бұл туралы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас травматологы Нұрлан Бәтпенов қайтыс болды. Бұл туралы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрлан Бәтпенов 71 жасында көз жұмған. 

Реклама
Реклама

"Бүгін, 2020 жылдың 15 шілдесінде, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА академигі (Ұлттық ғылым академиясы - авт. еск.), Травматология және ортопедия ҒЗИ директоры, Қазақстандық травматологтар мен ортопедтер қауымдастығының президенті, профессор Бәтпенов Нұрлан Жұмағұлұлы қайтыс болғанын хабарлаймыз", - делінген институт хабарламасында.

Профессордың неден көз жұмғаны хабарланбады. 

Нұрлан Бәтпенов 1949 жылы Ақмола облысы Балкашино ауылында дүниеге келген. Целиноград мемлекеттік медицина институтында оқыған. Еңбек жолын Целиноград қаласындағы облыстық клиникалық аурухананың травматология және ортопедия бөлімшесінде дәрігер ретінде бастаған.

Түрлі жылдары Целиноград мемлекеттік медицина институты травматология және ортопедия кафедрасының ассистенті, Ақмола медициналық академиясының экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры, реконструктив травматология, ортопедия кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2001 жылдан бастап Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram