ПОДЕЛИТЬСЯ
18 ақпан 2021 | 17:21
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз - синоптиктер
Қазақстанның басым бөлігінде 19 ақпанда Оңтүстік Каспий циклонының өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар түседі, солтүстік пен оңтүстікте қатты жауын-шашын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, бұрқасын күтіледі. Тоғыз өңірінде ескерту жарияланды.
"Алдағы күндері еліміздің барлық өңірінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласында, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, қар, тұман болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также