ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қараша 2023 | 09:26
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
12 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Атырау облысы
12 қарашада Атырау облысының басым бөлігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
12 қарашада Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Түркістан облысы
12 қарашада түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын, негізінен жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен батыстан, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкентте түнде қатты жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауып, тұман түседі деп болжанған. Түркістанда түнде тұман түседі.
Алматы облысы
12 қарашада Алматы облысының батысында, солтүстік, оңтүстік, таулы аймақтарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Қонаевта 12 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысы
12 қарашада Қостанай облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ, тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысы
12 қарашада Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Абай облысы
12 қарашада түнде және таңертең Абай облысының шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыс, солтүстік, облыс орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 15-20 метр. Семейде 12 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысы
12 қарашада түнде Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыс, батыс. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысы
12 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, шығыста оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысы
12 қарашада Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысы
12 қарашада Қызылорда облысында облыс орталығы мен шығысында батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге жетеді деп күтіледі.
Маңғыстау облысы
12 қарашада Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде құмды дауыл соғады. Оңтүстіктен, күндіз оңтүстік-шығыстан батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ақтауда 12 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысы
12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Петропавлда тұман күтіледі.
Жамбыл облысы
12 қарашада түнде Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын – жаңбыр, қар жауады деп болжанған. Облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр, 12 қарашада екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. 12 қарашада Таразда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также