28 қараша 2023 | 09:01

Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері сейсенбі, 28 қарашада елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК синоптиктері сейсенбі, 28 қарашада елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 18 м/с күтіледі.

Реклама
Реклама

Қостанай облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысының шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстаң жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 28-30 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, 29 қарашада күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная