Қазақстанның батысына құлаған ұшқышсыз ұшу аппараттары кімге тиесілі екенін комиссия анықтап жатыр

Қазақстанның батысына құлаған ұшқышсыз ұшу аппараттары кімге тиесілі екенін комиссия анықтап жатыр Фото: mgorod.kz

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Қазақстанның батысына ұшқышсыз ұшу аппараттары құлағаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы одан Мәжіліс кулуарында журналистер сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Қазақстанның батысына ұшқышсыз ұшу аппараттары құлағаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы одан Мәжіліс кулуарында журналистер сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұстабековтің айтуынша, ұшқышсыз ұшу аппараттарының қайдан келгенін анықтау үшін құзырлы органдар және қарулы күштер мамандарының қатысуымен арнайы комиссия құрылған.

"Қазір олардың қай мемлекетке тиесілі екенін зерттеп, анықтау қажет. Бүгінде құзырлы органдардан комиссия құрылды. Бұл комиссия құрамына біздің Қарулы күштердің мамандары сарапшы ретінде кірді. Қазіргі уақытта комиссия жұмыс істеп жатыр", - деп нақтылады министрдің орынбасары.

Реклама
Реклама

Журналистердің "Әуе қорғанысы жүйесі ұшқышсыз аппараттарды неге дер кезінде анықтамады?" деген сауалына Мұстабеков тексеру аяқталмай жатып қорытынды жасау ерте екенін айтты.

"Олар қандай да бір инфрақұрылымымға құлады ма? Тергеу шаралары жүріп жатыр, аяқталған соң жауап аласыздар", - деді Мұстабеков.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы наурызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Атырау облысына тағы бір ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұған дейін ұшқышсыз ұшу аппараты Батыс Қазақстан облысына құлаған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама