Қазақстанның батысында 9 жастағы қыз бен ер адам құдықтан шыға алмай қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Ақтөбе облысындағы Жарлы ауылында қайғылы оқиға болды: қоқысқа толы ескі құдыққа 9 жастағы қыз құлап кетті. Оны құтқармақ болған ер адам да құдыққа түсіп, кейін қайта шыға алмай қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 17 маусымда болған. 9 жастағы қыз шамамен 10 метр тереңдіктегі құдыққа құлап кеткен. Құдық жеке үйдің ауласында орналасқан, ескі және қоқысқа толы болғаны хабарланды.

Баланы құтқармақ болып бір ер адам құдыққа түскен. Алайда қайта шыға алмаған.

Реклама
Реклама

"Құтқарушылардың көмегімен бала мен ересек адам құдықтан ес-түссіз күйде шығарылды. Аудандық төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, екеуі де қайтыс болды", – деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД.

Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама