Қазақстанның батысында киіктерді ату жұмыстары басталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысында киіктер санын реттеу жұмыстары ресми түрде басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында киіктер санын реттеу жұмыстары ресми түрде басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бұл жұмыстар 30 қарашаға дейін жалғасады. Аталған жұмыстарға 40-қа жуық маман тартылып, 4 арнайы бригада жасақталған. Әр бригада 3 техникамен қамтамасыз етілген, жалпы саны 12 техника жұмылдырылған.

2025 жылы жүргізілген авиациялық есеп нәтижесінде, Батыс Қазақстан облысы аумағында киіктердің жалпы саны 2,3 миллион басқа жеткені анықталды. Ғалымдар әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, популяцияға залал келтірмей, оның тек 20 пайызына, яғни 460 мыңға дейін ғана реттеу жүргізуге болады. Яғни бұл – ғылыми-зерттеулер мен табиғи тепе-теңдікті сақтау талаптарына негізделген шектеу. Ауланған киік еті арнайы белгіленген ет өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі.

Реклама
Реклама

Мамандардың айтуынша, киік популяциясының бақылаусыз көбеюі ауыл шаруашылығы жерлеріне елеулі зиян келтіріп, экожүйеде теңгерімсіздікке әкелуі мүмкін. Сондықтан киік санын реттеу жұмыстары қаулыға сәйкес, барлық заңнамалық және экологиялық нормаға сай жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

Еске салайық, Қазақстанда киік ату 2024 жылғы ақпанда тоқтатылған болатын. Ол кезде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бұл шешім отандық ғалымдармен және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, талқылаудан кейін қабылданғанын айтқан. Министр ол кезде киік санының тағы 40 пайызға артуын болжаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама