Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысындағы шекара заставасының үстінен ұшатын нысандардың көрінгені туралы ақпарат тарады. Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?
"Уральская неделя" порталы әлеуметтік желідегі парақшасында 24 мамырға қараған түні түсірілген видео жариялады.
"Самара облысы жақтан ұшып келе жатыр. Саны 10 шақты. Олар өткізу пункті мен заставаның үстінде ұшып өтті. Мұндайды бірінші рет көріп тұрған жоқпыз", - деп жазады портал куәгерлердің сөзіне сілтеме жасап.
Видеодан кадрлар
Қорғаныс министрлігінің жауабы
Қорғаныс министрлігі видеоға қатысты пікір білдірді.
"Қазақстанның әуе кеңістігін бұзу дерегі тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында. Азаматтардан сабыр сақтауды, жалған ақпарат таратпауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз", - деді министрліктің баспасөз қызметі.