Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді Фото:depositphotos.com

15 қыркүйекте Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 қыркүйекте Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2025 жылғы 15 қыркүйекте Өскемен, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама