ПОДЕЛИТЬСЯ
23 ақпан 2023 | 10:10
Қазақстанның бес облысында 6 жол учаскесі жабылды
"ҚазАвтоЖол" Қазақстанның бес облысындағы тасжолдарда алты учаске жабылатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"ҚазАвтоЖол" Қазақстанның бес облысындағы тасжолдарда алты учаске жабылатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана уақытымен таңғы сағат 9:15-те бес облыста ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдың алты учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілген.
Республикалық маңызы бар 1025 шақырым жолға алты учаске бойынша шектеулер енгізілген:
Ақтөбе облысындағы екі учаске:
- Самара – Шымкент, 776-965 шақырымы, Ақтөбе учаскесі – Қарабұтақ елді мекені, көліктің барлық түріне;
- Самара – Шымкент, 526-702 шақырымы, БҚО шекарасы – Маржанбұлақ елді мекені, көліктің барлық түріне.
Алматы облысы:
- Екатеринбург – Алматы учаскесі, 2214-2436 шақырымы, Жамбыл облысының шекарасы – Междуреченск ауылы, көліктің барлық түрлері үшін.
Жамбыл облысы:
- Екатеринбург – Алматы учаскесі, 2152-2214 шақырымы, Бурылбайтал – Ақсүйек ауылы, көліктің барлық түріне.
Батыс Қазақстан облысы:
- Самара – Шымкент учаскесі, 394-526 шақырымдар, Жымпиты ауылы учаскесі – Ақтөбе облысының шекарасы, жүк және қоғамдық көліктер үшін.
Қарағанды облысы:
- Екатеринбург – Алматы учаскесі, 1610-1854 шақырымдар, Ақсу-Аюлы елді мекені – Балқаш учаскесі, көліктің барлық түріне арналған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также