11 қазан 2018 | 18:00

Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

© pixabay.com

Синоптиктер 12-14 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 12-14 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның бес облысында дауыл және 12 қазанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Реклама
Реклама

"13 қазанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз 23-28 метр, оңтүстік-батыста 30-ға дейін жетеді. 14 қазанда күндізгі ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендейді. 13 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 23-28 метр болады, дауыл ықтималдығы 85-90 пайыз", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, 12 және 14 қазанда Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында тұрақсыз, жауын-шашынды ауа райы күтіледі, ал таулы жерлерде қар аралас жаңбыр жауады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram