25 ақпан 2020 09:33

Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны болуы мүмкін

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, наурызда Қазақстанның басым бөлігінде нормадан жоғары жауын-шашын жауады. Сондықтан Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында су тасқыны болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта синоптиктер тәулік бойы Қазақстанның барлық өңіріндегі су деңгейін бақылап отыр. 

"Солтүстік Қазақстан облысында қар деңгейі көпжылдық нормадан 80 пайызға жоғары, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында 30-60 пайызға, ал Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында 20-50 пайызға көп. Жамбыл облысында қар нормадан 30 пайызға көп болса, Алматы облысы тауларында қар деңгейі нормадан 35-45 пайызға төмен", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram