ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2022 | 09:42
Қазақстанның біраз өңіріне ауа райына байланысты ескерту жарияланды
4 қазанда Қазақстанның біраз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
4 қазанда Қазақстанның біраз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.
4 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус аяз жүреді.
Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Оралда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Солтүстікте, шығыста, Ақтөбе облысының орталығында түнде 3 градус аяз күтіледі.
Ақтөбеде түнде 1-3 градус аяз болады деп болжанған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также