11 наурыз 2021 | 16:42

Қазақстанның бірқатар аймағында қатты аяз болады

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Қазақстанның кей өңірінде 12-13 наурызда тағы да ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның кей өңірінде 12-13 наурызда тағы да ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Солтүтік Қазақстан облысында 12-13 наурызда ауа температурасы минус 13-16-дан 25-30-ға дейін күрт төмендейді, кей жерлерде 22 градус аяз болады.

12 наурызға қараған түні Қарағандыда боран болып, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, 12-14 наурызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Сонымен қатар, ауа температурасы 2-7-ден 20-30-ға дейін күрт төмендейді. Оңтүстке қарай 15 градусқа дейін аяз болады. 13 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады.

Өскеменде 12 наурызда көктайғақ, ал Семейде бұрқасын болады деп болжанды. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

12 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұма түседі. Батыс және солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады.

Қызылорда облысында синоптиктер көктайғақ, бұрқасын болады деп болжап отыр. Солтүстік-шығыстан жел түнде секундына 15-20 метр, күндіз 15-20 метр, кей жерлерде секундына 25 метр жылдамдықпен соғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная