ПОДЕЛИТЬСЯ
17 желтоқсан 2022 | 16:23
Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады
Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
18 желтоқсанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші метрі 15-20 секунд болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні метрі 15-20 секунд болады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні метрі 15-20 секунд болады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні метрі 15-20 секунд болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также