18 ақпан 2019 15:35

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазавтожол" мәліметінше, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарында жолдар жабылды.

Реклама
Реклама

Алматы облысындағы "Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар жол учаскесі (83-184 шақырым, Көктұма ауылы-Достық станциясы) 19 ақпаннан бастап жабық болады.

Қарағанды облысында бүгін таңғы сағат 10-нан бастап боран салдарынан автокөліктің барлық түрлері үшін барлық бағыттар бойынша қозғалыс жабылды. Ақмола облысында "Екатеринбург-Алматы" тас жолының (1275-1353 километр Астана-Қарағанды облысының шекарасы) учаскесінде, 12.30-дан бастап "Астана-Ерейментау - Шідерті" (16-200 километр Астана-Павлодар облысының шекарасы учаскесі) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Сондай-ақ, боран салдарынан "Астана-Қарағанды" және "Астана-Павлодар" тас жолдарында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеледі. 

Павлодар облысында көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолы (Шідерті ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін 205-259 шақырым), "Қызылорда-Павлодар" Шідерті ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеледі.

Сондай-ақ, нашар көрінуіне байланысты ШҚО-да "Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Белағаш-Дмитриевка" автожолының учаскесінде ( Петропавловка-Зенковка ауылы учаскесінде) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Павлодар-Астана буран, машины встали на дороге. Лучше по возможности воздержаться от поездок

Публикация от Типичный Павлодар (@ti.pavlo) 17 Фев 2019 в 11:29 PST

Сонымен қатар, бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

19 ақпанда Қызылорда облысында қатты жауын-шашын болады деп күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі. Жел секундына 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ, Қазгидромет өкілдері Қостанай облысы мен СҚО тұрғындарын ескертті. Онда боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram