12 қыркүйек 2020 | 11:43

Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды

Сурет: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

12-13 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік болады.

Реклама
Реклама

12 қыркүйекте Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Дауылдың ықтималдығы - 90-95 пайыз.

12 қыркүйекте таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Дауыл ықтималдығы - 70-75 пайыз.

12 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде 1-3 градус аяз сақталады. Күндіз 12 қыркүйекте кей жерлерде найзағай күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр. Дауыл ықтималдығы - 90-95 пайыз.

12 қыркүйекте Жамбыл облысында тауларда найзағай ойнап, солтүстік - шығыстан жел соғады, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram