19 сәуір 2021 | 15:02

Қазақстанның бірнеше облысында жаңбыр мен қар жауады

Фото: Тengrinews.kz

"Қазгидромет" мәліметінше, 20-22 сәуір аралығында еліміздің кейбір өңірінде айтарлықтай суық болады. Жауын-шашын, тұман, аяз және қатты жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" мәліметінше, 20-22 сәуір аралығында еліміздің кейбір өңірінде айтарлықтай суық болады. Жауын-шашын, тұман, аяз және қатты жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысында 20 және 21 сәуірде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды. Бұл күндері мұнда жаңбыр, кей жерлерде қар жауады, тұман, найзағай, бұршақ болады, желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді.

Жамбыл облысының тұрғындарын да осындай жағдай күтіп тұр. Синоптиктер жаңбыр, кей жерлерде қар жауады, тұман түседі, найзағай, бұршақ жауады, екпіні секундына 23-28 метрге дейін дауыл соғып, көктайғақ болады деп болжап отыр. Күндіз ауа температурасы + 7 ... +12 градус болады, түнде -3 градусқа дейін күрт суытады.

Реклама
Реклама

Алматы облысында да ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 21 сәуірде жаңбыр жауады, кей жерде қар жауады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Облыс бойынша кей жерде бұршақ, найзағай және көктайғақ күтіледі. Күндіз ауа температурасы +7... +12 градус болса, түнде -3 градусқа дейін аяз келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная