07 ақпан 2020 | 10:04

Қазақстанның бірнеше облысында жолдар жабылды

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бірнеше облысында барлық көлік түрі үшін жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бірнеше облысында барлық көлік түрі үшін жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Ақмола облысында 5 учаскеде жолдар жабылды: 

Реклама
Реклама

- Екатеринбург-Алматы (СҚО-дағы шекарадан Жақсы ауылына дейін, 859-917 шақырым);

- Жезқазған-Петропавл (Қостанай облысындағы шекарадан Знаменка ауылына дейін, 377-595 шақырым);

- Қостанай-Әулиекөл-Сұрған (Қостанай облысындағы шекарадан Сұрған ауылына дейін, 232-260 шақырым);

- Щучинск-Зеренді(Щучинскіден Зеренді ауылына дейін, 0-80 шақырым);

- Көкшетау-Атбасар (Балкашино ауылынан Атбасарға дейін, 107-184 шақырым).

Ақтөбе облысында Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз тасжолдарында да жолдар жабылған;

Шығыс Қазақстан облысында Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тасжолында жол жабылды;

Қостанай облысында екі учаскеде жолдар жабылды - Қостанай-Әулиекөл-Сұоған мен Жезқазған-Петропавлдағы тасжолдар;

Солтүстік Қазақстан облысында екі учаскеде жолдар жабылды:

Екатеринбург-Алматы тасжолы (Чистополье ауылынан Ақмола облысындағы шекараға дейін, 835-856 шақырым);

Тимирязево-Сарыкөл (Тимирязево ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін, 0-32 шақырым).


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная