ПОДЕЛИТЬСЯ
22 тамыз 2021 | 22:15
Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап және шаңды дауыл болады
Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап және шаңды дауыл болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап және шаңды дауыл болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
23 тамызда Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл сақталады. Облыс орталығында солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғып, төтенше өрт қаупі болады.
23-25 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, бұршақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 23-25 тамызда солтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының басым бөлігінде 37 градусқа дейін ыстық болады. Облыстың орталық және оңтүстік аудандарында төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус аптап сақталады.
23-24 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. 23-24 тамызда күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі болады.
23-24 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында 35 градус ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также