Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады

© Тұрар Қазанғапов

Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, ертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 3 градус үсік сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с сақталады

Реклама
Реклама

Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Шымкентте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.

Түркістанда күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік сақталады.

Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-18 м/с күтіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама