12 қараша 2020 | 18:14

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады

© Тұрар Қазанғапов

Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, ШҚО-да түнде кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Өскеменде оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Реклама
Реклама

Павлодар облысының кей жеінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 25 метрге дейін жел соғады.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Қостанайда 13 қарашада күндіз боран соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан күндіз кей жерде секундына 15-20 метр жел соғады. Оралда 13 қарашада түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

13-14 қараша күндері СҚО-да қар жауады. Ал 13-14 қарашада кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Петропавлда 13-14 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Алматы облысында түнде кей жерде қатты жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, түнде кей жерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Алматыда 13 қарашада қалың қар жауады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная