05 қыркүйек 2021 | 15:54

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Аптапқа байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аптапқа байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

6 қыркүйекте түстен кейін Түркістан облысының солтүстігі мен батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтіледі. Өрт шығу қаупі жоғары.

Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады. Өрт шығу қаупі жоғары.

Реклама
Реклама

Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай соғады. Күндіз батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғып, найзағай ойнайды. Оңтүстікте төтенше өрт шығу қаупі сақталады.

6-8 қыркүйекте күндіз Алматы облысында 35-37 градус аптап күтіледі. Өңірдің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт шығу қаупі сақталады.

6 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыс бағыттан соғады, күндіз найзағай ойнап, екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram