06 ақпан 2022 | 16:58

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Tengrinews.kz

Республиканың бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Республиканың бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

7 ақпанда Қарағанды облысының түнде батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында күндіз 7 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Жезқазған қаласында түнде 7 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде және батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде және батысында 15-20 м/с.

Реклама
Реклама

7 ақпанда Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында және орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында және орталығында екпіні 17 м/с. Ақтөбе қаласында 7 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысында: Іле Алатауы, Жетісу Алатауында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыс желі, екпіні 15-20 м/с. Қырғыз Алатауы: кей жерлерде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыс бағыттағы жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с. Талас Алатауы: қар, түнде және таңертең қатты қар. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Тарбағатай: күндіз кей жерлерде бұрқасын. Оңтүстік-шығыс желі, кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақмола облысының түнде батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында 7 ақпан түнде және таңертең тұман күтіледі.

7 ақпанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 7 ақпанда тәулік бойы облыстың солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 7 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

7 ақпанда түнде және таңертең Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда күші 15-20, түнде және таңертең екпіні 23 м/с. Шымкент қаласында 7 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында 7 ақпанда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная