02 мамыр 2021 | 17:52

Қазақстанның бірнеше өңірінде аяз бен құмды дауыл болады

Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның бірнеше облысында аяз бен құмды дауыл болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. Синоптиктер алты облыста ескерту жариялады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бірнеше облысында аяз бен құмды дауыл болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. Синоптиктер алты облыста ескерту жариялады. 

3 мамырда Қызылорда мен Түркістан облыстарының кей жерлерінде құмды дауыл күтіледі. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

3 мамырда күндіз Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Кей жерлерде күші секундына 15-20 метр жел болады. 

Реклама
Реклама

Ертең түнде Павлодар облысының кей жерлерінде 1 градус үсік күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай болуы мүмкін, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей жерлерде секундына 25 метр.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. 3-5 мамырда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - секундына 15-20 метр. 3 мамырда күндіз, 4-5 мамырда тәулік бойы екпіні секундына 23-28 метр жел болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерде секундына 15-20 метр, күндіз секундына 15-20 метр болады, кей жерде екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная