25 мамыр 2020 | 17:12

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауыл тұрып, найзағай ойнайды

26 мамырда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

26 мамырда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

26 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтанда күндіз 26 мамырда шаңды дауыл күтіледі, батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с шаңды дауылмен сақталады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Көкшетауда күндіз 26 мамырда батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады екпіні 15 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде 39 градус қатты ыстық күтіледі.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстігінде ауысады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік бағытына ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная