ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қазан 2024 | 11:07
Қазақстанның бірнеше өңірінде электр энергиясының тарифтері өседі
Қазақстанның бірнеше өңірінде электр қуатының шекті тарифтері өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның бірнеше өңірінде электр қуатының шекті тарифтері өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа Энергетика министрі 2024 жылғы 21 қазанда қол қойды. Құжат 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұйрық бойынша, электр энергиясының шекті тарифтері өседі:
- 1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС–1) - кВт/сағ үн 8,05-тен 8,27 теңгеге дейін;
- 2-топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорация) - 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
- 9-топ ("Астана-Энергия" АҚ) - 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
- 12-топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) - 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
- 18-топ ("Степногор ЖЭО" ЖШС) - 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
- 28-топ ("Жаңажол ГТЭС" ЖШС) - 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
- 39-топ ("З-Энергоорталық" АҚ) - 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
- 48-топ ("Қазхром" ТҰК" АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.
Сондай-ақ, электр энергиясына мына тарифтер бекітілді:
- 56-топ КВт/сағ үшін 43,92 теңге тарифімен;
- 57-топтың тарифі 56,63 теңге;
- 58-топтың тарифі 26,08 теңге;
- 59-топтың тарифі 22,56 теңге;
- 60-топтың тарифі 3,07 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также