16 маусым 2020 | 16:38

Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын-шашын жауып, жел күшейеді

© pixabay.com

17-18 маусымда еліміздің бірнеше өңірінде жауын-шашын жауып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

17-18 маусымда еліміздің бірнеше өңірінде жауын-шашын жауып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

17 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ түсіп, солтүстік-шығыстан солтүстікке соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Реклама
Реклама

Күндіз 17 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 18 м/с болжанады.

17-18 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. 18 маусымда кей жерлерде найзағай, батыстан соғатын жел солтүстік бағытына ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавлда 18 маусымда батыстан соғатын жел солтүстік бағытына ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

17 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қарағандыда түнде найзағай, жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күші 15 м/с болжанады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная