Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жел соғады

Фото: elements.envato.com

28 сәуірде Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжанды. Өңірлерде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

28 сәуірде Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжанды. Өңірлерде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауады деп күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл болуы мүмкін. Батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Кей жерлерде батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Реклама
Реклама

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде найзағай болуы мүмкін.

28 сәуірде күндіз Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады. Жел екпіні кей жерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Айта кетейік, алдағы күндері Қазақстанның кейбір облысында 38 градусқа дейін аптап ыстық болатыны хабарланаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама