19 наурыз 2019 | 14:22

Қазақстанның бірнеше өңірінде полицейлерді ұстады

© Tengrinews.kz фотоколлажы

Қазақстанның бірнеше өңірінде полицейлер пара алды деген күдікке ілінді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері қылмыстық істердің мән-жайын ашып айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бірнеше өңірінде полицейлер пара алды деген күдікке ілінді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері қылмыстық істердің мән-жайын ашып айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жамбыл облысында Талас аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры, бөлім тергеушісі, полиция капитаны ұсталды. Олар Қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу дерегі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін азаматтан 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деді брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюро басшысының орынбасары Шыңғыс Қабдула.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қазір олар қамауға алынған және тергеу жалғасып жатыр екен. "Сотқа дейінгі тергеу шараларын тоқтатқаны үшін 900 мың теңге пара алған Алматы анықтау басқармасының тергеушісі, аға лейтенантқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізііп жатыр. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша айып тағылған", - деді Қабдула. Тергеуші үй қамаққа алынды. 

Шыңғыс Қабдуланың айтуынша, Павлодар облысында Астана қалалық ҰҚКБ полиция майорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр екен. 

"Ол осыған дейін облыстық ІІД Криминалдық полиция бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеп, бір топ тұлғалар арқылы жалпы қамқорлығы мен қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін ЖШС құрылтайшысынан бұрын келісілген 4 миллион теңгенің 700 мың теңгесін пара ретінде алды деген күдікке ілікті", - деді Қабдула.

Полицей үй қамаққа алынды. 

Петропавлдағы патрульдік полиция батальонының тағы үш полицейі жол ережесін бұзған кезде хаттама толтырмағаны үшін азаматтардан 2-ден 20 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алды деген күдікке ілікті. Қабдуланың айтуынша, сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу жоғарыда аталған полиция қызметкерлеріне пара берген 13 жеке тұлғаға қатысты іс қозғалды. Іс жүргізу ұстаулары кінәсін толық мойындауға байланысты қолданылған жоқ.

Алматы облысының Ұйғыр полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оны Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылындағы мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ұсталған деп айып тағылған. Полицей үй қамауында.

"Маңғыстау облысында Мұнайлы аудандық бөлімінің учаскелік полиция инспекторы пара алғаны анықталды. Ол жеке кәсіпкерден көші-қон заңнамасын бұзғаны және қамқорлығы бойынша жауапкершілікке тартылмағаны үшін 135 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді", - деді ол.

Ол кінәсін толықтай мойындаған. Тергеу жалғасып жатыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная