26 қазан 2023 | 09:10

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, көктайғақ, жел болады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

26 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, көктайғақ, жел болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

26 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, көктайғақ, жел болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 қазанда түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік жартысында екпіні 17-22 м/с.

26 қазанда Астана қаласында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

Реклама
Реклама

26 қазанда кей уақытта Қарағанды облысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында 26 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

26 қазанда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Павлодар қаласында 26 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

26 қазанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Семей қаласында 26 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

26 қазанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында 26 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

26 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метр күтіледі. Қостанай қаласында 26 қазанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

26 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метр. Петропавл қаласында 26 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні секундына 15-20 метр.

26 қазанда Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 26 қазанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

26 қазанда Қызылорда облысында оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, облыстың орталығында секундына 15-20 метр күтіледі. Қызылорда қаласында 26 қазанда жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

26 қазанда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент қаласында 26 қазанда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Түркістан қаласында 26 қазанда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

26 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр күтіледі. Жезқазған қаласында 26 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.

26 қазанда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр.

26 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная