ПОДЕЛИТЬСЯ
17 мамыр 2019 | 11:26
Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер бүгін, 17 мамырда еліміздің бірнеше өңірінде жауын-шашын жауып, тұман түсіп, жел күшейетінін ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік-шығыс, орталық және шығыс аймақтарда жауын-шашын болмайды.
"Қостанай облысында тұман түсіп, күндізгі уақытта желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейіп, бұршақ болуы мүмкін. Қызылорда облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысында күндізгі және түнгі уақытта желдің жылдамдығы секундына 23 метрге жетеді.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында да жел күшейеді. Атырау облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы, Түркістан, Ақмола облыстарында да жел күшейеді", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также